Солтүстік Қазақстанда қайтарылған активтер есебінен су құбыры салынды

/
Солтүстік Қазақстанда қайтарылған активтер есебінен су құбыры салынды
istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысында мемлекетке қайтарылған активтерді пайдалана отырып, білім беру, денсаулық сақтау және коммуналдық шаруашылық салаларында 39 әлеуметтік жоба жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Есіл ауданы Бірлік ауылында прокуратура органдары қайтарған активтер есебінен жүзеге асырылған су құбырының құрылысы аяқталды. 

Ашылу салтанатына аудан прокуроры Т.Салпықов, аудан әкімі М.Мұхамедьяров, қоғам өкілдері, ақсақалдар мен ауылдың құрметті тұрғындары қатысты. 

Биылғы жылдың желтоқсан айынан бастап су құбыры жұмыс істеп, тұрғындарды орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етуде.

 Жобаны жүзеге асыру халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және елді мекеннің тұрақты дамуы үшін жағдай жасаудағы маңызды қадам болды. 

Облыс прокуратурасы мемлекетке қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылатын әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуын бақылауды жалғастыруда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары