Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінде 216 млрд теңге тиімсіз жұмсалған

/
Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінде 216 млрд теңге тиімсіз жұмсалған
Жоғары аудиторлық палата

Қазақстанда азаматтарды зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит аяқталды. Оның қорытындылары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен ҚР Жоғары аудиторлық палатасының отырысында қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерінің тұрақты жұмыс істеуі үшін жағдай жасау – кез келген мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі. Осы механизмдер арқылы әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтар қажет болған жағдайда қолдау ала алады.

Аудит қорытындыларына сәйкес елімізде жыл сайын зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың саны да, төлемдер сомасы да артып келеді. Соңғы 5 жылда орташа ынтымақты зейнетақы 37%, орташа базалық зейнетақы 45%, Зейнетақы қорынан төленетін орташа зейнетақы 25% өсті. Мемлекеттік жәрдемақылардың орташа мөлшері 58%, ал Әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдер 2,5 есе өскен.

Аудиторлар жүктілік және босану бойынша көп төлемдер алу үшін кіріс деңгейі мен жұмыс орындарының санын жасанды түрде көбейтіп көрсету фактілерін де анықтады. Кейбір жағдайларда аударымдар бір мезгілде 3-10 жұмыс орнынан түсіп отырған, ал 169 адам 16-дан астам ұйымда есепте тұрған. Мұндай фактілерді болдырмау үшін нормативтік базаны пысықтау қажет.

Сонымен қатар Әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін сенімгерлік басқарудан шамадан тыс алу фактілері тіркелген. Бұл 216 млрд теңгеден астам сомаға активтерді тиімсіз пайдалануға әкелді.

Әлеуметтік төлемдердің шекті мөлшері туралы норманың болмауы, сондай-ақ төлем алушылардың табысын растауда мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимылдың жеткіліксіздігі шамамен 96 млрд теңге Әлеуметтік сақтандыру қоры активтерінің жоғалуына әкелді.

Аудит қорытындысы бойынша 5 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар, 216,2 млрд теңгенің тиімсіз пайдаланылғаны анықталды.

46 жүйелі кемшілік анықталды.

22 материал әкімшілік жауаптылықты қарау үшін берілді.

2 факт бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары