Қазақстан Айгүл Сайлыбаеваның енесі мен күйеуіне іздеу жариялады

/
Қазақстан Айгүл Сайлыбаеваның енесі мен күйеуіне іздеу жариялады

Қазақстан Германияда кісі қолынан қаза тапқан экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі мен енесіне іздеу жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл ақпарат Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің порталында жарияланған.

Александр мен Наталья Донцовтарға қатысты іздестіру ісі кеше, 9 желтоқсанда, Жетісу облысында тіркелген. Іздеу салған – ІІМ. Істі Талдықорған қаласының полиция басқармасы жүргізіп жатыр.

Бұған дейін ІІМ Германияда қаза тапқан экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне байланысты «Азаптау» бабы бойынша іс қозғаған болатын.

Айгүл Сайлыбаеваның өлімі

2024 жылы маусымда Германияда Қазақстан азаматы Айгүл Сайлыбаеваның жоғалып кеткені хабарланды. Кейін жоғалып кеткен әйелдің денесі Бенсхайм қаласының маңынан табылды. Денесі пластик қапқа салынған, өлер алдында зорлық-зомбылыққа ұшыраған.

Германияның құқық қорғау органдары бұл факт бойынша кісі өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғады. Германияның Сыртқы істер министрлігі берген ақпаратқа сай, Дармштадт қаласының соты Сайлыбаеваның енесі – Наталья Донцованы күдікті деп таныған. Германия мен бүкіл Еуропа аумағында оны қамауға алу туралы ордер шығарылған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары