Ақтөбе облысындағы автожолда қайғылы жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Апат Қандыағаш – Ембі тасжолында болған. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видео жарияланды.
Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жолда Toyota және Renault маркалы көліктердің соқтығысқанын хабарлады.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota көлігінің жолаушысы оқиға орнында қаза тапты», – деп мәлімдеді полиция.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы – «Көлік құралдарын басқарған адамдардың жол қозғалысы ережелерін немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.