3,5 балаға қауіп төнген: Жетісуда сынап толы лампалар балаларға қолжетімді жерде сақталған

/
3,5 балаға қауіп төнген: Жетісуда сынап толы лампалар балаларға қолжетімді жерде сақталған
istockphoto.com

Жетісу облысы Алакөл ауданының прокуратурасы білім беру мекемелерінде қауіпті қалдықтарды пайдалану, сақтау және кәдеге жарату кезіндегі заңнама талаптарының сақталуын тексерді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Санитарлық қағидаларға сәйкес, істен шыққан сынапты лампалар оқушылар қол жеткізе алмайтын жеке бөлмеде сақталуы керек, оларды қоқыс жәшіктеріне тастауға жол берілмейді (ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2021 ж. №76 бұйрығы).

Тексеріс барысында бірқатар мектептер мен мемлекеттік балабақшаларда 436 дана істен шыққан сынапты лампа ұзақ уақыт бойы қарастырылмаған орындарда: қоймалар мен жертөлелерде сақталғаны анықталды.

Бұл оқушылар мен қызметкерлердің денсаулығына тікелей қауіп төндірді.

Қадағалау актісінің қаралу нәтижесінде анықталған заңбұзушылықтар толығымен жойылды: қауіпті қалдықтар белгіленген тәртіппен шығарылды. Осылайша, 3 458 азаматтың, оның ішінде 2 947 оқушының және 511 қызметкердің құқықтары қорғалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары