5 адам қаза тауып, 11 адам зардап шекті: Ақтөбеде шетелдіктер мінген автобус аударылып кетті

/
5 адам қаза тауып, 11 адам зардап шекті: Ақтөбеде шетелдіктер мінген автобус аударылып кетті
istockphoto.com

Ақтөбе облысында Өзбекстан азаматтары отырған жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі 7 желтоқсанда шамамен 08:40-та Самара – Шымкент республикалық маңызы бар автожолдың 1024-шақырымында автобус аударылғанын хабарлады.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, автобус жүргізушісі Самара – Шымкент автожолымен Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысына қарай жүріп келе жатып, Әйтеке би ауданына қарасты Ұлғайсын ауылының маңында рөлге ие бола алмай, автобусты қозғалыс бағыты бойынша оң жаққа қарай аударып жіберген. Автобус салонында 49 Өзбекстан Республикасының азаматы болған (бағыт: Пермь – Ташкент)», – деді полиция.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан бес жолаушы оқиға орнында көз жұмды, 11 адам түрлі дене жарақаттарымен Айтеке би аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.

ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары