Петропавлда интернет орнатып жүрген жұмысшы биіктен құлап, көз жұмды

/
Петропавлда интернет орнатып жүрген жұмысшы биіктен құлап, көз жұмды
istockphoto.com

Петропавлда интернет орнату кезінде ЖШС қызметкері 6–7 метр биіктіктен құлап, көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға 5 желтоқсанда шамамен таңғы 10:30-да Береке шағын ауданында, Северная көшесі 1б мекенжайында болған.

Расталмаған мәліметтер бойынша, марқұм 35 жаста.

Шақыртумен келген жедел жәрдем бригадасы оның көп жарақаттан қайтыс болғанын анықтады.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бұл факті бойынша еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу бабымен сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

“Істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Нәтижелері бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады”, – деп мәлім етті ведомство.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары