Алматыда жеке сот орындаушысы өндіріп алынған қаражатты иемденгені және аса ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қала прокуратурасының жүргізген тексеруі барысында тәртіп бұзушылық фактілері анықталды.
ЖСО өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, өндіріп алушыларға тиесілі 370 миллион теңгеден астам қаржыны иемденіп алғаны, сондай-ақ Range Rover автокөлігін заңсыз иемденіп, 19 миллион теңгеден астам шығын келтіргені анықталды.
Алмалы аудандық сотының үкімімен ЖСО қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленіп, 8 жылға бас бостандығынан және сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.