Air China әуе компаниясы желтоқсанда Алматы мен Қытайдың Чэнду қаласын жалғайтын әуе рейсін іске қосады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кестеге сәйкес, бұл бағыт бойынша жолаушылар рейстері Airbus A320neo әуе кемесімен аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалады. Чэнду – Алматы бағыты бойынша ұшу уақыты 3,5 сағатты құрайды, бұл транзиттік рейстермен салыстырғанда кемінде 7 сағат уақыт үнемдейді. Ал кері бағытта ұшу 5 сағатқа созылады.
Хабарламаға сәйкес, екі қала арасындағы тікелей әуе қатынасының ашылуы әуе тасымалының жоғары тиімділік пен қолайлылық сияқты артықшылықтарын толық пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, Қытайдың оңтүстік-батыс өңірі мен Орталық Азия елдері арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық пен гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді.
Соңғы жылдары Қазақстан мен Сычуань провинциясы арасындағы экономикалық және сауда ынтымақтастығы барған сайын тығыз бола түсті. Провинциядан экспортталатын көлік құралдары, кондиционерлер және басқа да тауарлар Қазақстан тұрғындары арасында сұранысқа ие, ал Қазақстаннан шығарылатын феррохром, мырыш концентраты, арпа және басқа да өнімдер Сычуань арқылы Қытай нарығына жеткізілуде.