Алматы – Өскемен тасжолында 11 автокөлік соқтығысты

/
Алматы – Өскемен тасжолында 11 автокөлік соқтығысты
istockphoto.com

Ауа-райының қолайсыздығы Алматы – Өскемен трассасындағы жаппай жол апатына себеп болды. 11 автокөлік соқтығысып, бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Таңсәріде Қонаевтан Заречное ауылына дейінгі жол бөлігін қалың тұман басып қалды. Бірнеше минуттың ішінде трасса нағыз көктайғаққа айналды.

Жаппай жол апатының салдарынан төрт адам зардап шекті. Олар қажетті медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.

«2025 жылдың 1 желтоқсанында Алматы — Қонаев трассасында 11 көлік соқтығысқан жаппай жол апаты болды. Конаев қалалық көпсалалы ауруханасына жол апатынан 4 жараланған адам жеткізілді. Науқастар тексеріліп, мамандар қарап, амбулаторлық емге жіберілді. Госпитализацияға көрсеткіш жоқ. Барлық науқас жеңіл жарақаттармен, үстіртін соққылармен ғана шектелді», – деді Конаев ауруханасының травматология және нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Евгений Ким.

Полицейлер Алматыға бағыт алған көліктерді тоқтатып, әр жүргізушіні көктайғақ туралы ескертуге мәжбүр болды. Жаңа апаттардың алдын алу үшін олар жолды 15–20 көліктен кезекпен өткізіп отырды. Мәселелі жол бөлігі түске қарай қайта ашылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары