Астанада төрт көлік соқтығысып, үш адам зардап шекті

/
Астанада төрт көлік соқтығысып, үш адам зардап шекті
Ақмола облысының Полиция департаменті

Ақмола облысында автожолда жаппай жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«30 қараша күні Астана – Петропавл автожолының 43-шақырымында бірден төрт автокөлік: Volkswagen Passat, Toyota Camry, Chevrolet Monza және Kia Sorento қатысқан ірі жол апаты болды. Соқтығыс салдарынан үш адам әртүрлі жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді», – деп хабарлады Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

ДП жолдың жүктемесі көп учаскелерінде жылдамдық режимін сақтау аса маңызды екенін, сондай-ақ жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын міндетті түрде тексеру керектігін еске салды. Әсіресе шиналардың жағдайына назар аудару қажет, өйткені дәл солар жолмен іліністі қамтамасыз етеді.

Полиция 1 желтоқсаннан бастап қысқы шиналарсыз жолға шығуға тыйым салынатынын да ескертті.

«Бұл талапты бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Полицейлер барлық жол қозғалысына қатысушыларды өз өмірі мен айналадағы адамдардың қауіпсіздігін қатерге тікпеуге, ережелерді сақтауға және жолда барынша мұқият болуға шақырады!» – деп үн қатты ДП өкілдері.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары