Алматыда заңсыз салынған ірі нысан бұзылып жатыр

/
Алматыда заңсыз салынған ірі нысан бұзылып жатыр
Алматы әкімдігі

Сот шешіміне сәйкес Таугүл-3 шағынауданы Бекет Ата көшесі, 46 мекенжайында орналасқан екі қабатты ғимаратты бұзу басталды. Бұл туралы Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Нысанның иесі (жеке тұлға) құрылысты рұқсатсыз жүргiзген. Басқарма тарапынан әкімшілік шаралар қолданылып, заң бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді.

Аталған іс нысанды сүру туралы шешім қабылдау үшін сотқа жолданған болатын. 2025 жылы 20 қарашада Әуезов аудандық сотының шешімімен Қала құрылысын бақылау басқармасының талаптары қанағаттандырылды.

Сот шешімін орындау мақсатында нысанды меншік иесі өзі бұза бастады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары