«Шымбұлақ» тау шаңғы курортында өрт шықты

/
«Шымбұлақ» тау шаңғы курортында өрт шықты
ТЖМ

Алматы қаласының Медеу ауданында, теңіз деңгейінен 2300 метр биіктікте орналасқан «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты маңында құрғақ шөп пен бұта өртенді, деп хабарлайды turkystan.kz.

ТЖМ мәліметінше, өртті сөндіруге министрліктің 50-ге жуық қызметкері, 12 техника, орман шаруашылығы қызметі, «Қазавиорманқорғау» және ПД күштері жұмылдырылды. Сонымен қатар ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағы арнайы су төгу құрылғысымен жұмыс істеді.

Таулы аймақтың қиын бедері өртті ауыздықтауды күрделендірген.

Құтқарушылардың және әуе құрамының үйлесімді жұмысының нәтижесінде өрт толық сөндірілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары