БҚО-да жер үйден ер адамның денесі табылды

/
БҚО-да жер үйден ер адамның денесі табылды
istockphoto.com

13 қарашада Бәйтерек ауданы Щапово ауылында жеке үйдің ішінен зорлық белгілері бар ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды turkystan.kz сайты "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

БҚО полиция департаментінің мәліметінше, оқиғадан кейін күдікті дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қайғылы жағдай ауыл тұрғындары спирттік ішімдік ішіп отырған кезде туған жанжалдан кейін болған.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу БҚО полиция департаменті басшылығының бақылауында. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланған жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары