Қарағанды тұрғындарын 8 млн теңгеге алдап кеткен күдікті ұсталды

/
Қарағанды тұрғындарын 8 млн теңгеге алдап кеткен күдікті ұсталды
Polisia.kz

Қарағандыда бұрын алаяқтық үшін бас бостандығынан шектелген 36 жастағы ер адам қайта қылмыс жасап, ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол пластикалық балкондарды тез әрі сапалы орнатып беремін деп уәде беріп, тұрғындардың ақшасын иемденумен айналысқан. Бұған дейін де осындай амалмен 8 қала тұрғынын алдағаны анықталған.

Жаздың ортасынан бастап Октябрь полиция бөліміне азаматтың өзін шебер ретінде таныстырып, алдын ала төлем алған соң із-түзсіз жоғалып кеткені туралы шағымдар жиі келіп түскен. Оның алаяқтық схемесі бірдей болған: тапсырыс қабылдау, алдын ала төлем алу, содан кейін байланысқа шықпау.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу кезінде оның алаяқтыққа қатысты 16 эпизоды біріктіріліп, бір өндіріс аясында қарастырылды. Қарағандылықтарға келтірілген жалпы шығын 8 миллион теңгеден асты.

Қазір жедел-тергеу тобы қажетті процессуалдық шараларды толық аяқтап, іс материалдарын сотқа жолдауға дайындап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу кезеңінде күдікті қамауға алынған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары