Түркістан облысында құны 9 млрд теңге болатын құс фабрикасы салынады

/
Түркістан облысында құны 9 млрд теңге болатын құс фабрикасы салынады
АШМ

Келесі жылы Түркістан облысында жалпы құны 9 млрд теңге болатын заманауи құс фабрикасын салу бойынша ірі инвестициялық жоба іске асырылатын болады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құс фабрикасы екі бағытта жұмыс істейді: етті бройлерлерді өндіру және жұмыртқа шығару.
Жоба аясында бір өндірістік циклде 60 000 бройлер өсіру жоспарланып отыр, бұл жылына шамамен 1401 тонна құс етін шығаруға мүмкіндік береді.

Одан бөлек, 120 000 жұмыртқа беретін тауық бағылады, жылдық өндіріс көлемі – 34,9 млн жұмыртқаны құрайды.

Инвестор жобаны өз есебінен қаржыландырады. Кәсіпорынның құрылысы 2026–2028 жылдары кезең-кезеңімен жүргізілмек.

Жаңа кешен облыстың агроөнеркәсіптік саласының маңызды объектілерінің біріне айналып, ішкі нарықты сапалы құс өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталмақ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары