Алматы - Бішкек тасжолында 6 адам қаза тапты

/
Алматы - Бішкек тасжолында 6 адам қаза тапты
istockphoto.com

Алматы – Бішкек автожолының 65-шақырымында жол апаты болып, 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, Audi автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Toyota көлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілгенімен, медициналық мекемеде қайтыс болды.

Одан бөлек бес жолаушы түрлі дене жарақаттарын алып, дәрігерлердің бақылауында жатыр. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Алматы облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, - деп хабарлады департаменттен.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары