Қонаевта акцизделмеген 4 тоннадан астам алкогольдік өнім жойылды

/
Қонаевта акцизделмеген 4 тоннадан астам алкогольдік өнім жойылды
Қонаев қаласының әкімдігі

Қонаев қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің мамандары сауда айналымына заңсыз түскен тауарларды жойды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл тауарды «Іле ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі» мемлекеттік сот орындаушылары тәркілеп, шара қолдану үшін әкімдікке жіберген.

Тауардың тізімі келесідей:

1. Акцизделмеген 4 тоннадан астам алкогольдік өнімдер;

2. бір тоннадан астам Қытайда өндірілген белсенді биологиялық қоспалар;

3. акцизделмеген 80 қорап темекі өнімдері.

Мүлікті жою кезінде барлық комиссия мүшелері (СЭББ, МКБ, кәсіпкерлік бөлімі, депутаттар, қоғамдық ұйым өкілдері) қатысты. Тауарлар қоқыс полигонына жеткізіліп, ауыр техникамен жарамсыз етілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары