«Титаник» кемесінің бай жолаушысы Исидор Штраусқа тиесілі алтын қалта сағаты Девайзес қаласындағы Henry Aldridge & Son аукционында рекордтық 1,78 миллион фунтқа (2,3 миллион доллар) сатылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Басылымның мәліметінше, бұл — кеме апатына қатысты зат үшін төленген ең жоғары баға. Бұған дейінгі рекорд өткен жылы 1,56 миллион фунтқа сатылған басқа алтын сағатқа тиесілі болған.
18 караттық Jules Jurgensen сағаты 1912 жылы сәуірде кеме батқан кезде қаза тапқан жолаушысы Исидор Штраусқа тиесілі болған. «Титаник» фильмінде Штраус пен оның әйелі Ида кемемен бірге суға батуға дайын тұрған, бір-бірінен айрылмаған жұп ретінде көрсетіледі. Жасына байланысты Исидорға құтқару қайығына отыру ұсынылғанда, ол басқа ер адамдардан бұрын отырмайтынын айтқан. Оның әйелі күйеуін тастап кетуден бас тартқан, соңғы рет оларды шезлонгтарда қатар отырған күйінде көрген.