Ақтөбеде керамогранит және қыш плиталарын өндіретін зауыт ашылды

/
Ақтөбеде керамогранит және қыш плиталарын өндіретін зауыт ашылды
Ақтөбе облысы әкімдігі

Индустриалды аймақта орналасқан зауыттың жалпы аумағы - 15 гектар. Кәсіпорын жылына 5 миллион шаршы метр керамогранит және қыш плиталарын өндіреді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Зауыт директорының орынбасары Ағаділ Жұмаділдің айтуынша, өнім Батыс Қазақстан өңірінің қажеттілігін толық қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстанға экспортталады.

Өндіріс процесі толық автоматтандырылған. Кәсіпорын италиялық SACMI компаниясының жоғары технологиялы жабдықтарымен жарақталған, бұл өнім сапасы мен өндірістік тиімділікті айтарлықтай арттырады.

Жобаға жалпы 9,2 млрд теңге инвестиция құйылған. Зауыт жабдықтарын сатып алу үшін мемлекет тарапынан «Өндірісті дамыту қоры» АҚ арқылы 7,5 млн еуро көлемінде жеңілдетілген несие берілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары