"Күніне 10 мың қадам жүруден де нәтижелі": ғалымдар жаяу жүрудің ең пайдалы түрін атады

/
"Күніне 10 мың қадам жүруден де нәтижелі": ғалымдар жаяу жүрудің ең пайдалы түрін атады
сурет: istockphoto.com

Жаяу жүрудің ең пайдалы түрі – скандинавиялық жүріс. Британдық терапевт Джузеппе Арагонаның айтуынша, екі таяқпен жүру денсаулыққа кәдімгі жүруден әлдеқайда тиімді. Себебі ол денедегі бұлшықеттердің шамамен 90%-ын жұмысқа қосады, ал қарапайым жүрісте бұл көрсеткіш – небәрі 50% ғана, деп хабарлайды turkystan.kz Huff Post-қа сілтеме жасап.

Маман скандинавиялық жүріс кезінде иық, қол, арқа және іш бұлшықеттері қосымша белсенді болатынын, энергия шығыны 20%-ға артып, жүрек-қантамыр жүйесі айтарлықтай нығаятынын айтады.

Сонымен бірге бұл жүріс буындарға түсетін салмақты азайтып, қалып бұзылуының алдын алады, ал тұрақты жаттығу жалпы физикалық форманы жақсартады.

Арагонаның айтуынша, скандинавиялық жүрістің тиімділігі тіпті «күніне 10 мың қадам» қағидасынан да жоғары болуы мүмкін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары