«Қазақстан сіздерге мұқтаж»: Белгілі маман шетелдегі қазақ ғалымдарын елде жұмыс істеуге шақырды

/
«Қазақстан сіздерге мұқтаж»: Белгілі маман шетелдегі қазақ ғалымдарын елде жұмыс істеуге шақырды
Отандастар қоры

Бүгін Астана қаласындағы Назарбаев университетінде «Отандастар қоры» ұйымдастыруымен «Отандас ғалымдар форумы» өтіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Форумға шетелден 40-тан астам, сондай-ақ Қазақстаннан 100-ге жуық ғалым мен сарапшы қатысуда.

Жиын басында сөз алған Медицина және Биология саласының маманы Тұрсынжан Тоқай шетелде жүрген ғалымдарды Қазақтанда жұмыс істеуге шақырды.

«Қазақстанның жағдайы – өте жақсы. Қаржыландыру жағы да көңілден шығады. Қазақстанға келіңіздер, осында еңбек етіңіздер. Қазақстан сіздерге мұқтаж. Бізде қазір инфрақұрылым бар.

Екіншіден, бізде ғылымға деген талпыныс бар. Мемлекеттен қаржылай қолдау бар.

Бізге жетіспей жатқан – адами капитал. Олар – сіздер. Біздің көп қазақ шетелде жүр. Мықты-мықты мамандарымыз бар. Сол мамандардың біразы келгенімен, көбі қалып қойды. Сол себепті сіздерге айтатын соңғы үндеуім: Қазақстанға келіп, өз еліміз үшін жұмыс істейік. Еліміз жылдан жылға ұшқан құстай дамып келе жатыр.

Елге ғылым алып келіп,

Болашағын салып келіп.

Дарынды ұрпақ өсіріп,

Өз халқыңа қызмет ет», – деді Тұрсынжан Тоқай.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары