Павлодарда 49 жастағы әйел іздестіріліп жатыр

/
Павлодарда 49 жастағы әйел іздестіріліп жатыр
istockphoto.com

Өзен жағасынан оның сыртқы киімі табылды, деп хабарлайды turkystan.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қазір Ертіс өзені аумағында 1976 жылы туған әйелді іздеу шаралары жүзеге асырылуда.

– Акваторияны толықтай тексеруге ерекше назар аударылды. Құтқарушылар мен сүңгуірлер су айдыны мен жағалау аймағын зерттеу үшін арнайы жабдықтарды, соның ішінде жүзу құралдары мен эхолотты қолданып, іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, – делінген хабарламада.

Ведомство атап өткендей, ТЖД қызметкерлері полициямен және волонтерлік ұйымдармен бірлесіп, жағалауды жаяу тексеруде. Жергілікті жерде барлық тартылған қызметтердің іс-қимылдарын үйлестіру ұйымдастырылған.

Іздеу-құтқару шаралары жалғасуда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары