Тәжік билігі Мәскеуге терроризмге күдіктілердің тізімін берді

Тәжікстан билігі Ресейге соңғы жарты жылда 100-ге тарта экстремистік пиғылдағы топтарға жақын деген күдікті азаматтардың тізімін берді.

Тәжікстан құқық қорғау органдарының дереккөзі олардың бәрі Ресейде тұратынын, дені «Ислам мемлекеті» ұйымын қолдайтынын айтады.

Оның сөздерінше, тәжік билігі Ресейден тізімге енген адамдарды бақылауды күшейтуін сұраған.

10 сәуірде РФ ФСБ басшысы Александр Бортников Ресей аумағындағы террористік топтардың негізін Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және өзге елдерден келген еңбек мигранттары құрайды деп мәлімдеген. «Олар Ресейге жұмыс іздеп келіп, мигранттар ортасына түсіп, террористік ұйымдарды насихаттайтындарға алданып қалады», – деген РФ ФСБ басшысы.

Back to top button