Ақтөбе облысында құрылысы үш жылға кешіккен су құбырлары салынды

/
Ақтөбе облысында құрылысы үш жылға кешіккен су құбырлары салынды
istockphoto.com

Прокуратура Тікқайың және Көктоғай ауылдарында су құбырының құрылысын аяқтауға қол жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алға ауданының прокуратурасы халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге талдау жүргізу барысында Тікқайың (346 тұрғын – 102 үй) және Көктоғай (322 тұрғын – 85 үй) елді мекендерін сумен қамтамасыз ету бойынша құрылыс жұмыстарының ұзақ уақыт аяқталмау фактілерін анықтады.

Мердігер ұйым өз міндеттерін орындамағандықтан бұл ауылдардың тұрғындары үш жыл бойы ауыз сусыз қалды.

Осылайша, 2022 жылы Алға ауданының жергілікті атқарушы органы мен «Life Stroy Invest» ЖШС арасында 800 млн теңгеден астам сомаға сумен жабдықтау нысандарын салуға келісім-шарт жасалды.

Келісім шарт бойынша мердігер құрылыс жұмыстарын 2023 жылдың желтоқсан айына дейін аяқтауға міндеттенген.

Аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2) тармағында (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Одан әрі тергеу үшін қылмыстық іс материалдары ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне жолданды.

Қабылданған прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде құрылыстың аяқталуына қол жеткізілді, Тікқайың және Көктоғай елді мекендерінің тұрғындары ауыз сумен қамтамасыз етілді, ауданның 600-ден астам тұрғынының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары