Алматыда екі маршруттық автобус соқтығысты. Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген фото мен видеолар тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 12:40-та Медеу ауданында болғанын мәлімдеді.
«69-маршруттың автобусының жүргізушісі Райымбек даңғылы бойымен шығысқа қарай жүру кезінде Назарбаев даңғылынан шығысырақ жерде аялдамада тұрған 208-маршруттың автобусына соқтығысқан. Оқиға салдарынан 69-маршрут автобусының жүргізушісі мен бір жолаушысы медициналық көмекке жүгінді», – деді полиция.
Апаттың мән-жайын Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.