ШҚО-да полицейлер үйінде ес-түссіз жатқан әйелді құтқарып қалды

/
ШҚО-да полицейлер үйінде ес-түссіз жатқан әйелді құтқарып қалды
Polisia.kz

18 қараша күні Глубокое ауданының полиция бөлімшесіне Кожоховое ауылының 75 жастағы тұрғыны жүгінген. Ол көршісі ұзақ уақыт бойы байланысқа шықпай, есік ашпаған соң көршісін уайымдаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға орнына учаскелік полицейлер Шерхан Кенесбек пен Азамат Түгелов дереу жеткен. Қауіпті жағдайды ескере отырып, Азамат Кенесбек үйге терезеден кіріп кеткен. Ішке кіргенде ол 56 жастағы әйелді ес-түссіз жатқан күйінде тауып алды.

Полицей оған алғашқы көмек көрсеткен соң, тұрғын есін жиған.

Әйел өздігінен қозғала алмағандықтан, тәртіп сақшылары жедел жәрдем шақырды. Қазір оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары