Шымкентте фейерверк атқандар жауапқа тартылды

/
Шымкентте фейерверк атқандар жауапқа тартылды
Polisia.kz

Тәртіп сақшылары бейнебақылау арқылы қала аумағында түнгі уақытта жастар тобының отшашу ұйымдастырғанын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Олар тұрғындардың тыныштығын бұзумен қатар, пиротехниканың бір бөлігін ағаштардың арасына қойып, өрт шығу қаупін төндірген.

Оқиға орнына полиция экипажы жолданып, қауіпті әрекеттер тоқтатылды. Құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ олармен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, мұндай әрекеттердің салдары түсіндірілді.

Полиция аталған құқық бұзушылық қоғамдық тәртіпті бұзып, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертеді және тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары