Ақтаудағы қонақүйден теңізге лас су ағызылған

/
Ақтаудағы қонақүйден теңізге лас су ағызылған
Скриншот

Ақтауда эколог мамандар әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында "Caspian Riviera" қонақүйінен теңізге лас су ағызылғанын анықтаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлеуметтік желілерде кеңінен тараған бейнежазбада аталған қонақүйдің жанындағы құбырдан тікелей теңізге ағынды су төгіліп жатқаны анық байқалады. 

– 17 қараша күні Маңғыстау облыстық экология департаментінің мамандары төгінді фактісін анықтау үшін оқиға орнына барды. Табылған құбырдан су үлгілері алынды. Зертханалық талдау нәтижелері қоршаған ортаны қорғау бойынша қажетті шараларды қабылдау және ластану деңгейін анықтау үшін қосымша жарияланатын болады, – делінген жарияланған хабарламада.

Осыған дейін Ақтаудағы 7А шағын ауданы жағалаудағы дәмханалардың бірінен де теңізге лас су ағып жатқанын қала тұрғындары бейнежазбаға түсіріп алып, желіге жариялаған еді. Бірақ, аталған видеоға әкімшілік не экологтар жауап қатқан жоқ. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары