Ақтаулық ер адам жанармай бекетінде кассирді пышақпен қорқытып, тонап кетті

/
Ақтаулық ер адам жанармай бекетінде кассирді пышақпен қорқытып, тонап кетті
Маңғыстау облысы ПД

12 қарашада түнде белгісіз ер адам қаладағы жанармай бекеттерінің біріне кіріп, кассирге пышақпен қауіп төндірген. Сондай-ақ 61 000 теңге ақша талап еткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақшаны алған соң ол оқиға орнынан қашып кеткен.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, тонаушы бір сағат ішінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында ол кінәсін толық мойындады.

Бұл қылмыс азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін ауыр құқық бұзушылық ретінде бағаланып, ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы, 1-бөлімі бойынша «тонау» деп квалификацияланды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары