«Таза Қазақстан»: Астанада 100-ден астам студент эколекцияға қатысты

«Таза Қазақстан»: Астанада 100-ден астам студент эколекцияға қатысты
gov.kz

Астана қаласындағы Байқоңыр ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Экологиялық тазалық пен рухани тазалық үндестігі» тақырыбында лекция өтті, деп хабарлайды turkystan.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараның басты спикері – «Эко-Хаб» қоғамдық бірлестігінің басшысы Гүлнәр Хан.

Спикер қатысушыларға экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын, табиғатты қорғаудың рухани құндылықтармен байланысын және жастар арасында экологиялық сананы дамыту жолдарын кеңінен түсіндірді.

Лекция барысында экожүйені сақтау, тұрмыстық қалдықтарды азайту, жасыл өмір салтын қалыптастыру және тұрмыста экологияға зиян келтірмейтін әдеттерді енгізу бойынша практикалық ұсыныстар берілді. Қоршаған ортаға деген жауапкершіліктің әр азаматтың саналы таңдауынан басталатыны ерекше атап өтілді.

Іс-шараға 100-ден астам студент қатысып, белсенді түрде талқылауға атсалысты.

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында жыл басынан бері аудандық әкімдіктің ұйымдастыруымен елордалық жастардың қатысуымен түрлі танымдық және экологиялық іс-шаралар белсенді түрде өткізіліп келеді.

#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары