Белгілі заңгер Мейірман Шекеев композитор Арман Дүйсеновтің жары Айсұлу Айданқызына құқықтық көмек көрсететінін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Заңгер Айсұлумен әңгімелескеннен кейін істің бірқатар күмәнді тұстары анықтағанын мәлім етті.
«Әуелі жолдасы Арманның, одан кейін баласы Абылайдың қазасы, енді міне сот қалған отбасы мүшелерін үйден шығару туралы шешімде шығарған.
Маған ұсынылған құжаттарды зерделей отырып, бұл істің көлеңке жақтары өте көп екенін аңғардым.
Бір отбасына соншама ауыртпашылықтың бірден төнуі әрине қиын жағдай.
Мұндай кезде кешегі жақындары алыстап, қиындықпен көп жағдайда жалғыз қалатыны рас, десе де, Айсұлу ханымды қарапайым халық жалғыз қалдырмайық.
Қарап отырсам жүйкесі жұқарып, денсаулығы да сыр берген. Менің көзімше қанша рет дәрі ішті.
Жалғыздың үні шықпас, осы бағытта атқаратын ісімізге сіздердін қолдауларыңыз ауадай қажет.
Ерім деген ел болмаса, елім деген ер болмас.
Кезінде Шерзаттың ісінде өнер адамдары, блогерлер қайғылы оқиғаны көтеруден қашқақтап шет қалғандары естеріңізде шығар. Қарапайым халық челендж жасап, біразынан отписка жасағанда болатын.
Таныс әншіден сұрағанымда, бізді жинап алып тыныш отырыңдар деген соң-отырдық деп жауап бергені бар еді.
Мені, Айсұлу ханымды қарапайым халық қолдайтынына сенімдімін», – деді ол.