Қостанай қаласының прокуратурасы қаладағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға тұрақты мониторинг пен белсенді қолдау көрсетеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Инвесторлардың бірі қолданыстағы заңнама мен жасалған шарт талаптарына қарамастан, жиһаз цехын салу үшін жер учаскесін өтеусіз негізде ресімдеу барысында қиындықтарға тап болған.
Кәсіпкер туындаған мәселе туралы мобильді топқа хабарлады. Тексеру оның талаптарының негізділігін растады.
Қостанай қаласы прокурорының ұсынуы бойынша жер қатынастары бөлімі жасалған келісім шарттарын қайта қарады. Нәтижесінде инвесторға кәсіп ашуға арналған жер учаскесін тегін пайдалану құқығы берілді.
Қабылданған шаралар инвестордың заңды құқықтарын қалпына келтіруге және инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасауға ықпал етті.