Алматы – Өскемен автожолының 900-шақырымында Shacman маркалы жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің шығуына ауыр жүк көлігінің техникалық ақауы себеп болған. От дөңгелек бөлігінен тарай бастаған. Жүргізуші жағдайды дер кезінде байқап, көлікті тоқтатып, қауіпсіз жерге шығып үлгерген. Зардап шеккендер жоқ.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерге жолға шығар алдында көліктің техникалық жай-күйін мұқият тексеруді еске салады.