Солтүстік Қазақстан облысында 57 жастағы шаруа қожалығының басшысы көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қайғылы жағдай 13 қараша күні таңертең Тимирязев ауданының Целинное ауылында болған. Ер адам басына оқ тиіп, көз жұмған.
“13 қарашада Тимирязев ауданының Целинное ауылында өз үйінен 57 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Суицид фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр”, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Ведомство өкілдері оқиға орнынан аңшы мылтығы тәркіленгенін мәлімдеді.
Тимирязев ауданының әкімі Ерлан Жаров марқұмның отбасына көңіл айтып, оның шамамен 30 жыл бойы ауыл шаруашылығымен айналысқанын, әріптестері мен ауылдастары арасында үлкен беделге ие болғанын атап өтті. Сонымен қатар ол қоғамдық өмірге белсене араласып, әлеуметтік бастамаларға әрдайым қолдау көрсетіп келген.