Семей оқушылары бөтелке қақпақтарын қайта өңдейтін ерекше эко-жобаны қолға алды

/
Семей оқушылары бөтелке қақпақтарын қайта өңдейтін ерекше эко-жобаны қолға алды

Семейдегі №51 жалпы орта мектебінің оқушылары айрықша эко-жобаны бастады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқушылар көркем еңбек пәнінің мұғалімі Қасымов Ерасылдың жетекшілігімен бөтелке қақпақтарын қайта өңдейтін ерекше эко-жобаны қолға алды.

«Жоба аясында оқушылар өз қолдарымен бөтелкелерді сұрыптау жәшігі мен қоқыс контейнерлерін жасап шығарды.  Бұл бастама – қоршаған ортаны қорғауға, қайта өңдеудің маңызын түсінуге және табиғатқа жанашырлық танытуға бағытталған.

Мақсатымыз – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, тұрмыстық қалдықтарды тиімді пайдалануға үйрету.

Бірге табиғатты аялайық!», - делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары