Астананың орталық көшесінде жантүршігерлік жол апаты болды

/
Астананың орталық көшесінде жантүршігерлік жол апаты болды
видеодан скриншот

Астанадағы Қабанбай батыр даңғылында Chery Tiggo маркалы автокөлік жарық шамының тірегіне соғылды. Соққыдан кейін көлік қоршауға қарай ұшып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлеуметтік желілерде жол-көлік оқиғасының видеосы тарады: зақымдалған көліктің айналасында адамдар жиналып тұр, медицина қызметкерлері көмек көрсетуде, ал жерде құлаған шам бағаны жатыр. Көліктің капоты толық қираған, оқиға орнында төтенше қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр.

Астана қалалық Полиция департаменті бұл оқиғаны растады және жол апатының мән-жайын түсіндірді.

«Chery Tiggo автокөлігінің жүргізушісі Керей және Жәнібек хандар көшесімен келе жатып, Қабанбай батыр даңғылымен қиылысқан тұста рөлге ие бола алмай, көше жарығының тірегіне соғылған. Соққының салдарынан көлік аударылып кеткен. Жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», – деп хабарлады Астана қалалық Полиция департаменті.

Жол апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеріс жүргізілуде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары