Жамбыл облысында 12 оқушы фастфудтан уланып қалған

/
Жамбыл облысында 12 оқушы фастфудтан уланып қалған
istockphoto.com

Жамбыл облысында мектеп маңындағы дүкеннен тамақ алып жеген оқушылар жаппай уланып қалған. Байзақ ауданындағы Мырзатай елді мекенінде 12 бала астан ұшынып сабақтан қалған, деп хабарлайды turkystan.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Тез дайындалатын тамақ жеп уланғандар — 5-сынып оқушылары. Дәрігерлер басы айналып, құса бастаған балалардың жағдайын бақылап, кейіннен үйіне қайтарған. Қазір олардың жағдайы тұрақты. Ал мектеп маңында мерзімі өткен тамақ саудасына қатысты тексеріс басталды. Санитар мамандар тағамдардан сынама алынып зертханаға жіберілгенін айтады. Жаппай улану дерегіне қатысты қылмыстық іс ашылып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

«Бүгінде балалар үйінде. Оқушылардан жарты сағат сайын мәлімет алып отырмыз. Балалар дін аман. Үш күннен кейін сабаққа шығады», — деді Байзақ ауданы білім бөлімінің басшы міндетін атқарушы Ерлан Сейдаханов.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары