Президент: Ресей – Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық және инвестициялық серіктесі

Президент: Ресей – Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық және инвестициялық серіктесі
Ақорда

Президент Мәскеуге жасаған мемлекеттік сапары кезінде барлық деңгейде қарқынды диалогты қолдауға уағдаласқанын жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Өнеркәсіп, энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, жоғары технологиялар, цифрландыру, гуманитарлық ықпалдастық, сондай-ақ жаңа инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне баса мән бердік. 

Күрделі халықаралық ахуалға қарамастан ынтымақтастығымыз халықтарымыздың игілігі жолында белсенді дамып келе жатқанына көңіліміз толатынын атап өттік», – дейді Президент.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейді Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық және инвестициялық серіктесі деп атады

Негізгі көрсеткіштер: 

🟦2024 жылдың қортындысы бойынша тауар айналымы шамамен 28 миллиард долларды, ал биылғы 8 айда 17 миллиард доллардан асты. 

🟦Міндет – екіжақты сауда көлемін 30 миллиард долларға дейін жеткізу.

🟦Ресейден Қазақстан экономикасына құйылған тікелей инвестиция көлемі 27 миллиард доллардан асты.

🟦2024 жылы Ресейдің салған капитал көлемі рекордтық 4 миллиард долларға дейін өсіп, еліміздің ірі инвесторына айналды.

🟦Қазақстанның Ресейге құйған инвестициясы да артып, 15 жылда шамамен 9 миллиард долларға жетті.

🟦Қазақстанда ресейліктердің қатысуымен 20 мыңнан аса компания жұмыс істейді Бұл – елімізде қызмет ететін шетелдік капиталы бар кәсіпорындардың жартысына жуығы.

🟦175 бірлескен жоба жүзеге асырылуда.

🟦Тараптар іскерлік байланыстардың жоғары деңгейін одан әрі қолдауға және бизнес жүргізуге қажетті жағдай жасауға уағдаласты.

🟦Осы мақсатта Экономикалық ынтымақтастықтың 2030 жылға дейінгі кешенді бағдарламасы қабылданды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары