Астаналық геолог Жарас Искаков пен оның жұбайы Алтынай үшемнің ата-анасы атанды. Бұл туралы «Kazakhmys barlau» компаниясының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Үшемнің есімдері – Жігер, Назар және Қадыр.
Жарас пен Алтынайдың жанұясында тағы 3 жасар қыздары бар екен.
«Бұл – керемет бақыт, сөзбен айтып жеткізе алмаймын!», - деді Жарас Искаков қуанышты сәттерімен бөлісіп.