Шалқарда үшем дүниеге келді. Сәбилерге Әдемі, Сұлу және Әміре есімі берілді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Шалқар қаласының тұрғындары 27 жастағы Аслан Лайықов пен Ләззат Жоламанованың отбасында үшем – дүниеге келді.
Нәрестерлер анасының жүктілігінің 31-ші аптасында өмір есігін ашты. Жас отбасының бұдан бөлек 5 жасар ұлы, 3 жасар қызы бар.
Нәрестелердің дүниеге келгендегі салмағы — 1600, 1670, 1490 грамм болса, бойлары бірдей, 35 см. Нәрестелер бірнеше минут айырмашылықпен дүниеге келген.
Шақалақтар 1 айдан аса облыстық перинаталдық орталығы дәрігерлердің жіті бақылауында болып, тұрақты ем қабылдаған. Қазіргі таңда сәбилердің және анасының жағдайы жақсы.