Ақтөбедегі 12 адам қаза тапқан жол апаты: Жасөспірім 20 күннен бері есін жимай жатыр

/
Ақтөбедегі 12 адам қаза тапқан жол апаты: Жасөспірім 20 күннен бері есін жимай жатыр

Самара – Шымкент тасжолында болған жол апатында зардап шеккен ересектер мен балалар емделіп, үйлеріне шықты. Алайда жасөспірім ұл бала әлі есін білмейді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, №1 қалалық ауруханада ем қабылдаған барлық ересек науқастар үйлеріне шығарылды. Олардың бірі, операциядан кейін жағдайы жақсарған науқас, кеше ауруханадан шыққан. Алайда облыстық балалар ауруханасында жатқан жасөспірім әлі есін жиған жоқ.

— Баланың жалпы жағдайы әлі де өте ауыр. Оған аралас бас-ми жарақаты диагнозы қойылған, — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысында екі автокөлік соқтығысып, 12 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын. Қайғылы оқиға Әйтеке би ауданына қарасты Белқопа ауылы маңында болған. Жүк көлігі мен жолаушылар мінген «ГАЗель» трассада соқтығысқан. Үшеуінің ауыр жағдайда аман қалғаны айтылған еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары