Алтын қорының көлемі 98 тоннаға артты – Өнеркәсіп министрлігі

/
Алтын қорының көлемі 98 тоннаға артты – Өнеркәсіп министрлігі
istockphoto.com

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан Үкімет отырысында жер қойнауын пайдалану және геологиялық барлау саласындағы ахуал туралы баяндады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол қазір ел бойынша 103-тен астам түрлі пайдалы қазба және 10 мыңға жуық кен орны мемлекеттік есепке алынғанын, сондай-ақ, қолданыста 2,9 мыңнан астам лицензия және 250-ге жуық қатты пайдалы қазбалар бойынша келісім-шарт бар екенін  хабарлады.

«Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде алғаш рет 5 кен орыны мемлекеттік есепке алынды. Олар –  Көк-Жон, Алтын-Шоко, Самомбет, Студенческий және Тақыр-Қалжыр кен орындары. Қор көлемі 98 тонна алтынға, 36 мың тонна мысқа, 11 миллион тонна марганецке және 1,3 миллион тонна фосфоритке артты», — деп атап өтті Иран Шархан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары