Хасан Қасымбаев сотта соңғы сөзін айтты

/
Хасан Қасымбаев сотта соңғы сөзін айтты
Ғаламтор

10 қараша күні Талғар аудандық сотында айыпталушы Хасан Қасымбаев соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Хасан Қасымбаевқа үш бап бойынша айып тағылған: адам ұрлау, қасақана ауыр дене жарақатын келтіру және қорқытып алу. Онымен бірге сотталушылар орындығында тағы бес адам отыр. Істе екі жәбірленуші бар — жекпе-жек шебері әрі жаттықтырушы Арман Алимов және кәсіпкер Арипжан Тажиев.

Қасымбаев 2024 жылғы 2 қарашада ұсталған.

Өз сөзінде Хасан Қасымбаев істің қолдан жасалғанын және айыптаудың тек жәбірленушінің көрсетпелеріне негізделгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, тергеу мен сот барысында Қылмыстық-процестік кодекстің көптеген нормалары бұзылған.

«Бұл істі қоғамды тыныштандыру үшін ойлап тапты. Кінәліні табу керек болды, сол адам ретінде мені таңдады. Менің қатысыма дәлел болатын бір де бір айғақ жоқ. Барлығы тек жәбірленуші Алимовтың сөздеріне сүйенеді. Ол өзі нашақор және бұрын сотталған», – деді Қасымбаев өз сөзінде.

Сондай-ақ ол өзін Шерзат Полат ісі төңірегіндегі резонанс пен «Алимовтың жалған айғақтары» үшін соттап жатқанын айтты.

«Мені Шерзат Полат ісінің резонансы үшін, қоғамды тыныштандыру мақсатында соттап жатыр. Сонымен қатар Алимовтың жалған сөздері себеп болды. Барлық айып тек оның куәлігіне негізделген, ешқандай дәлел жоқ. Мен Құдай мен заң алдында ақпын. Үйде мені отбасым мен балаларым күтіп отыр. Соттан әділ шешім шығарып, қылмыс құрамының болмауына байланысты мені ақтауды сұраймын», – деді айыпталушы.

Оның айтуынша, дәл жәбірленуші Алимов Хасан Қасымбаевты «Хуторлықтар» атты қылмыстық топтың басшысы деп жалған ақпарат таратқан:

«Алимов мені “Хуторлықтар” деп аталатын ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы деп өсек таратқан. Бірақ мұндай топтың бар екені ешқашан дәлелденген жоқ», – деді Қасымбаев.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары