Ерлан Қарин: Бұл Жарлық – ішкі саясат саласындағы жұмысты жүйелейтін маңызды құжат

Ерлан Қарин: Бұл Жарлық – ішкі саясат саласындағы жұмысты жүйелейтін маңызды құжат
gov.kz

Бүгін Президент «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды. Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин аталған құжаттың ішкі саясат саласы үшін қандай маңызы бар екенін түсіндірді.

«Ұлттық құрылтайдың Бурабайда өткен ІV отырысында Мемлекет басшысы бірқатар сарапшылар мен қоғам өкілдерінің ішкі саясат саласында тұжырымдамалық құжат қабылдау қажеттігі жөніндегі бастамасын қолдады.
Президент Әкімшілігі жарты жылдан астам уақыт бойы түрлі диалог алаңдарында Ұлттық құрылтай мүшелерінің, сарапшылардың, қоғамдық және ғылыми ұйымдар өкілдерінің қатысуымен пікірталастар ұйымдастырды.
Сарапшылық талқылаулардың нәтижесінде ішкі саясат саласында жүргізіліп жатқан жұмысты жүйелейтін тұжырымдамалық құжаттың жобасы әзірленді.
Бүгін Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды.
Ішкі саясат саласындағы жұмысты жүйелеп, үйлестіруді көздейтін құжат бірінші кезекте мемлекеттік органдарға арналған. Сонымен қатар бұл қоғамға жүргізіліп отырған мемлекеттік саясаттың идеялық мәнін және еліміздің болашақтағы бейнесінің айқын бағытын түсінуге мүмкіндік береді», – деп жазды Ерлан Қарин.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары