Батыс Қазақстанда екі полицей ұсталды

/
Батыс Қазақстанда екі полицей ұсталды
istockphoto.com

Батыс Қазақстан облысында аудандық полиция бөлімінің бастығы ұсталды. Онымен бірге көші-қон полициясының қызметкері де ұсталған, деп хабарлайды turkystan.kz.

20 қазанда Сырым ауданы полиция бөлімінің бастығы мен көші-қон полициясының қызметкері ұсталған. ҰҚК тергеу ісінің басталғанын растады, алайда өзге мәліметтер жария етілмеді.

«Басқа деректер жарияланбайды, себебі Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігі қолданылады. Бұл бап тергеу барысына кедергі келтіруі немесе оның нәтижесіне әсер етуі мүмкін мәліметтерді жариялауға тыйым салады», — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында да екі полицей заңға қайшы әрекеттер жасады деген күдікпен ұсталған болатын. Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары