Оралда қоқыс жәшігінен баланың мәйіті табылды: Анасы қайда?

/
Оралда қоқыс жәшігінен баланың мәйіті табылды: Анасы қайда?
istockphoto.com

Орал қаласында сәбидің мәйітін қоқыс жәшігіне тастап кеткен әйелді іздестіру тоқтатылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Еске сала кетейік, 14 тамыз күні Зачаган кентіндегі Бірлік көшесінде қоқыс контейнерінен нәрестенің мәйіті табылған болатын. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Қыркүйек айында полиция сәбидің анасын таба алмағандарын және іздестіру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлаған еді. Полиция департаменті сарапшының қорытындысына сәйкес, баланың өлі туылғанын мәлімдеді.

Баланың анасының қайда екені әлі белгісіз.

«Аталған қылмыстық іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 31-бабы тәртібімен сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы шешім қабылданды. Қабылданған шешім қадағалау органымен келісілді», – делінген жауапта.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары