Жаңа жылда жүргізушілерді жақсы жаңалық күтіп тұр

/
Жаңа жылда жүргізушілерді жақсы жаңалық күтіп тұр
istockphoto

Қазақстанда көлік пен мүлік салығына қатысты өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды turkystan.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Келер жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексіне сәйкес, көлік пен мүлік салығына бірқатар жеңілдік қарастырылған.

"Ең алдымен қозғалтқыш көлемі 4 литрден асатын көлік иелеріне салынатын салық мөлшері азаяды. Бұған дейін 500 мыңнан 800 мың теңгеге дейін төлеп келген жүргізушілер енді шамамен 460 мың теңге көлемінде салық төлейді. Сонымен қатар ескірген көліктерге жеңілдік қарастырылған", - деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетейік, 2026 жылдан бастап бизнеске салынатын салықтар саны 20%-ке төмендейді. Жаңа Салық кодексті салықтық әкімшілендіруді ауқымды оңайлатуды көздейді. Есептілік көлемі 30%-ке, салықтар саны 20%-ке қысқарады.

Сондай-ақ жеңілдіктер мен алымдар оңтайландырылады, бірыңғай жер салығы жойылады, төлемдердің жекелеген түрлері бойынша ставкалар саны қысқартылады. Өзгерістер корпоративтік және жеке табыс салығынан бастап инвестицияларды ынталандыруға және салық жүктемесін қайта бөлуге дейінгі барлық негізгі бағытты қамтиды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары