Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы техникаларының тозығы жеткен

Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы техникалары талапқа сай жаңартылмай отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының дерегіне сәйкес, қазіргі таңда өңірдегі шаруашылықта 9 мыңға жуық ауылшаруашылық техникалары бар. Жалпы трактордың 95% – 5 440 трактор, соқаның 97%, қопсытқыш пен дән сепкіштің 97, астықты дәрілейтін машинаны 96 проценті егіндік жұмыстарына дайын. 2016 жылы облыс шаруашылығындағы жаңартылған техниканың орташа көрсеткіші 3,5% құраса, жеке аудандарда – 2% жеткен еді. Мамандардың бағалауынша, бұл өте төмен көрсеткіш. Үнемді және тиімді техникалар саны 40% кем болмауы тиіс.

«Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев егін шаруашылығына толықтай кірісу үшін жыл сайын әр ауданда қанша техниканы жаңарту керектігін анықтауды тапсырды. Ескі комбайндармен жұмыс жасағанда өнімнің 30% шығын болып, жаңа комбайндарда ол керісінше 10% қысқарады. Заманауи техникалар өнім өңдеуді жақсартуға, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен өнім сапасын арттыруға септігін тигізеді. Мемлекет кез келген жаңа техниканың 25%-ын субсидиялайды», – деп атап өтті Жамбыл облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.

 

Back to top button