Алатауда төтенше жағдай режимі алынып тасталды

/
Алатауда төтенше жағдай режимі алынып тасталды
ҚР ТЖД

Алатау қаласы әкімінің аппараты 2025 жылғы 18 қыркүйектегі «Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» әкім қаулысының күшін жою жөніндегі шешім жобасын дайындады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Төтенше жағдай режимі 15 қыркүйекте қоқыс полигонындағы ірі өрттен кейін енгізілген болатын.

Төтенше жағдайды алып тастау қаладағы қалыпты қызметті қалпына келтіруге және енгізілген шектеулерді жоюға мүмкіндік береді.

Құжат 2025 жылғы 31 қазан күні сағат 15:00-ге дейін көпшілік талқылауы үшін «Ашық НҚА» порталында жарияланған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары